Баршаңызды Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл – мұсылман қауымы үшін рухани тазару, жаңару, жаңғыру мен жақсылық жасаудың мезгілі.
Рамазан айында бойымызға сіңірген мейірімділік пен қайырымдылық, тұрақтылық пен келісім идеяларын жыл бойы жүректе сақтаймыз. Бұл құндылықтар тек мұсылмандарды ғана емес, Қазақстан халықтарының басын біріктіреді. Адамзаттың бір-біріне деген құрметін арттырады.
«Он екі айдың сұлтаны» саналатын айда тілеген дұға – ниеттеріңіз қабыл болсын!
Мемлекетіміздің мерейі үстем болып, егеменді елімізге бейбіт өмір, ынтымақ-береке және мол ырыс тілеймін.
Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Ораза қабыл болсын!
Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі