Областная газета «Актюбинский вестник»

Все новости Актобе и Актюбинской области

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР, БАУЫРЛАР! ҚАДІРЛІ ЖАМАҒАТ!

Ораза Айт – он екі айдың сұлтаны Рамазан айының аяқталғанын білдіретін мейрам. Қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келген Ораза айт баршамызға құтты, қабыл болсын.

Рамазан айы – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, Ораза айт мейрамы – адамдардың көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жанын жадыратады.

Бұл үш күнде төзімділік танытып, ауыз бекіткен, ықылас пен жақсылық жасаған адам құрметке, марапатқа ие болады. Жалпы, «Айт» сөзі – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту» деген мағыналарды береді.

Сондықтан да, бұл күндері ағайын-жұрт бір-біріне «айт қабыл болсын» деп, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін арнаған. Бұл күні балалар мен қадірлі қонақтарға айттық беру – сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан игі дәстүр.

Мейірімі шексіз Алла ниет етіп ұстаған оразамызды, жасаған дұғалармызды, тілеген тілектерімізді қабыл етіп, берген садақаларымыздың сауабын молынан қылғай!

Баршаңызды Ораза Айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Әр мұсылман бауырға амандық, зор денсаулық тілеймін. Ұлық мейрам елімізге, жерімізге құт-береке, ынтымақ, ырыс әкелсін! Оразадан-Оразаға дейін төрт көзіміз түгел аман-есен жете берейік!

©️ Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі

Колонка "Взгляд"