Бүгін – Тәуелсіздік күні. Тәу етер Тәуелсіздіктің танымы біз үшін — киелі ұғым, қастерлі түсінік. Әр азамат үшін Тәуелсіздіктен асқан байлық жоқ. Құны – әрдайым тым қымбат.
Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз армандап өткен қастерлі күнді көру, тәуелсіз ел болу мәртебесін сезіну – бүгінгі ұрпағымызға бұйырған зор бақыт. Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтау – әрбір отандасымыздың қасиетті борышы.
Азаттықтың ақ таңы деп арпалысқан қазақ халқының сан ғасырлық арманы орындалған бұл күн – еліміздің әрбір азаматы үшін бостандық пен гүлденудің, достық пен келісім нышанына айналды.
31 жыл бұрын тарихи таңдау жасаған Қазақстан Республикасы бүгінде беделі биік, дербес демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде орнықты.
Баршаңызға ұлттық өрлеуіміздің ұлы күні құтты болсын !
Әр отбасыға амандық, бірлік, әр шаңыраққа шаттық, бақ-береке тілеймін!
Ізгі ниетпен, Ералы Тоғжанов