Областная газета «Актюбинский вестник»

Все новости Актобе и Актюбинской области

Қайырлы күн, оқырман!

Малика МЫРЗА, ведущая рубрики «Тіл әлемі»

Бүгін біз ақпаратты визуалды қабылдау дағдысын жетілдіру үшін әр түрлі тақырыптағы суреттермен жұмыс жасайтын боламыз.
Сегодня мы будем работать с изображениями на разные темы, чтобы улучшить навыки визуального восприятия информации.


1. Ребустарды шешіңіз / Решите ребусы

 


2. Берілген суреттерді не байланыстыратынын, ортақ тұстарын, ұқсастықтарын табыңыз. / Найдите то, что объединяет данные изображения, и их сходства.

 


3. Мәтінді оқып шығыңыз және тақырып қойыңыз. Қарамен белгіленген сөздердің аудармасын табыңыз. / Прочитайте текст и поставьте заголовок. Найдите перевод слов, выделенных жирным шрифтом.

Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді. Оның адам үшін пайдасы көп. Үлкенімізге де, кішіміз де теледидар алдында көп уақытымызды өткіземіз.
Өкінішке қарай, оның зиян жағы да бар. Әсіресе ол адамның денсаулығына үлкен әсер етеді. Ғалымдар теледидар алдында ұзақ отыратын балалардың қанында холестерин көп болатынын анықтаған.
Теледидар көздің көруін нашарлатады. Ол адамның психологиясына әсер етеді. Әсіресе балалардың мінезі өзгеруде. Олардың ашушаң, ренжігіш болып өсуіне осы көгілдір экран кінәлі. Теледидарға құмар бала, әдетте, кітап оқымайды. Бала теледидар тұтқынына айналады. Ондай балада белсенділік төмен болады. Оны енжарлық, жалқаулық басып тұрады.

Мәдениетке қызмет етеді –
Пайдасы көп –
Уақыт өткізу –
Өкінішке қарай –
Денсаулыққа әсер етеді –
Ғалымдар анықтаған –
Көздің көруін нашарлатады –
Ашушаң –
Ренжігіш –
Кітап оқымайды –
Теледидар тұтқыны –
Белсенділігі төмен –
Енжарлық –
Жалқаулық –


Буду рада вашим предложениям и отзывам, которые можно направить на электронную почту myrza_ms@mail.ru.

Колонка "Взгляд"