Областная газета «Актюбинский вестник»

Все новости Актобе и Актюбинской области

Өңір басшысы Асхат Шахаровтың 14-наурыз — Амал мерекесімен құттықтауы

Бір жасыңызбен,
ағайын!

Амал келді, жыл келді! Айдан аман, жылдан есен шықтық. Қыстың сызы бірте-бірте қайтып келеді. Ұлыстың ұлы күнінің бастауына айналған Амал мерекесі баршаңызға құтты болғай!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы Наурыз мейрамы ерекше форматта тойланады. «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында елімізде мерекелік онкүндік басталып, Көрісу күніне айырықша мән берілді. Ізін ала жалғасатын қайырымдылық, мәдениет және ұлттық салт-дәстүр, шаңырақ, ынтымақ, ұлттық спорт, ұлттық киім, жаңару, тазару күндерінің мазмұны, тағылымы зор болмақ. «Наурызнаманың» әр күнін ел болып, ауызбіршілікпен өткізуге, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге барша Ақтөбе жұртын шақырамын.

«Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып» деп жырлаған кемеңгер Абай. Амал күні — дәл осындай жылы жүздесу, ақ ниет, кең пейілге толы мереке.

Әрбір шаңыраққа жыл жақсылығын алып келсін. Ырыс-несібелеріңіз молайсын. Жылдан-жылға, жастан-жасқа аман-есен жете берейік!

 aqtobe_oblysy_akimdigi

Колонка "Взгляд"