Қадірлі ағайын!
«Еңбек – ырыстың бұлағы, кәсіп — бақыттың шырағы» дейді халқымыз.
Бүгін маңдай терімен елге пайдасын тигізіп жүрген әрбір еңбек адамын Еңбек күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, әділетті қоғамда еңбек адамы ең бірінші тұру керек. Жұмысшы мамандықтары жылында өңіріміздің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша еңбек адамына алғысымыз шексіз. Сіздердің адал еңбектеріңіз – облысымыздың өркендеуіне жол ашып, жас ұрпаққа өнеге болып отыр.
Біз Сіздер арқылы өскелең ұрпақты туған жерін сүйетін, табанды да іскер азамат етіп тәрбиелеп келеміз, тәрбиелей де береміз. Бұл – қуатты әрі әділетті қоғам құрудың басты кепілі.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.
Ел аман, жұрт тыныш болғай!