Областная газета «Актюбинский вестник»

Все новости Актобе и Актюбинской области

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Рамазан айының басталуына орай құттықтауы

Баршаңызды рухани жаңғыру айы – Рамазанның басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Қасиетті айда адам баласы көбірек жақсылық жасап, ізгі амалдарды атқаруға тырысады. Бұл ай шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Басқа уақытпен салыстырғанда Рамазан айы жақсылықтар мен сауаптардың еселеніп жазылар кезі.

Халқымыздың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерімен үйлесім тапқан асыл дініміз – еліміздің бірлігін сақтауда, туған өлкемізді көркейтуге, қоғам үшін игі іс жасау жолында маңызды рөл атқарады.

Қасиетті айда отбасыларыңызға амандық пен құт-береке тілеймін. Ұстаған оразаларыңыз, тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

Колонка "Взгляд"