Областная газета «Актюбинский вестник»

Все новости Актобе и Актюбинской области

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Қадірлі ағайын!

Сіздерді қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады. Бұл ұлық мейрамда адамдар құрбан шалып,қайырымдылықтың ізгі амалдарын көрсетеді.

Құрбан айт – ертеден-ақ халқымыздың тарихымен, өмір тіршілігімен біте қайнасқан рухани мейрам. Еліміз егемендігін алғаннан кейін бұл мерекені тойлау жаңаша серпін алды, кең көлемде атап өтіледі.

Өздеріңізге белгілі, ағайындарымыз облыста айтып келмес апаттан, су тасқынының зардабын тартты. Осындай қиын-қыстау кезде, сабыр сақтаған өңір тұрғындарына өз атымнан алғысымды білдіремін. Сын сағаттарда қарға тамырлы қазақ бөлінген емес, қайта бір-біріне арқа сүйеп, қиындықта қалған жанға жәрдемдерін аямаған.

Қымбатты жерлестер!
Барлық сауапты істеріңіз бен ізгі тілектеріңіз қабыл болсын! Кәсіптеріңізге береке, амалдарыңызға адалдық тілей отырып, Айттан-айтқа аман-есен жете берейік.

Құрбан айт құтты болсын!

 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Колонка "Взгляд"