Ардақты ағайын!
Баршаңызды қасиетті Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Қасиетті айда жасаған құлшылық, дұға-тілектеріңіз, берген садақаларыңыз қабыл болсын!
Рамазан айы үлкен сынаққа толы ай болды. Еліміздің біршама аумағы, оның ішінде Ақтөбе өңірі айтып келмес апат, су тасқынының зардабын тартуда. Облыс аумағындағы бірқатар аудандарда төтенше жағдай жарияланды. Бұл қиындықтардың барлығы уақытша деп білеміз.
Осындай қиын-қыстау кезде, жұмыла көмек көрсеткен белсенді азаматтарға, жанашыр жандарға шынайы алғысымды білдіремін.
Рамазаннан Рамазанға аман-есен жете беруімізді Алла нәсіп етсін! Алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындалсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Бірлігіміз жарасып, берекеміз арта берсін!
🚀 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi