Областная газета «Актюбинский вестник»

Все новости Актобе и Актюбинской области

Облыс әкімі Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Құттықтау өңір басшысы Асхат Шахаровтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды ⤵️⤵️⤵️

Ардақты ағайын!

Баршаңызға ұлттық рухты көтеретін, халқымыздың мәдени мұрасын жаңғыртып, төл өнерімізге деген құрметті тереңдететін маңызды мереке — Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

«Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі», — деп академик Ахмет Жұбанов айтқандай, қос ішекті аспапқа қазақтың жүрек үні, ұлттық болмысының айнасы, бар тарихы, тағдыры мен тектілігі сыйып тұр. Оның үні – ұлы даланың үнін жеткізген күйшілердің аманаты, рухани мұраның қайнар көзі. Сондықтан да қазақ пен домбыраны бір-бірінен ажырамас егіз ұғым ретінде танимыз.

Бүгінгі күннің күнтізбеде бекуі – дәстүрімізді дәріптеп, жас ұрпақтың санасына сіңірудің бір жолы. Сонау Кетбұғадан бастап, Дәулеткерей, Құрманғазы, Тәттімбет сынды дәулескер күйшілердің мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы, мәңгілік құндылығы.

Ақтөбе өңірінде айтулы күнге арналған мәдени-рухани, танымдық шаралар апта бойы өтіп жатыр. Бүгін де жалғасады.

Біздегі тілек, әрбір ел азаматының ата-бабалардан жеткен асыл мұраға адал болып, ұлттық кодты сақтауға, салт-дәстүрімізді ардақтауға күш салғаны керек.

Домбырамен бірге қазақтың да рухы биіктей береді. Төл өнеріміз әрқашан ұлықтала берсін. Қос ішекті қасиетті аспап төрден түспесін!

@emergovkz / t.me / insta / fb / tiktok

Колонка "Взгляд"