Бүгін біз «Саяхат» тақырыбын талқылайтын боламыз.
Сегодня мы поговорим на тему «Путешествия».
Алдымен саяхат туралы мәтінмен танысып, қарамен берілген сөздерді аударамыз. Және төменде тұрған тапсырмаларды орындаймыз.
Сначала ознакомимся с текстом о путешествии и переведем слова, выделенные жирным шрифтом. И выполним задания, данные ниже.
Саяхат – белгілі бір аймақпен танысу, оны зерттеу немесе демалу сияқты мақсаттармен іске асырылатын шаралар. ХVІІІ–ХІХ ғасырларға дейінгі саяхаттар елдердің табиғатын, халқын, тарихын және шаруашылығын зерттеу үшін жасалды. Саяхаттар дала жағдайындағы географиялық зерттеулерді ұйымдастырудың бір түрі – географиялық экспедициямен де тығыз байланысты.
Ал қазіргі таңда саяхат – ауасы таза, табиғаты ғажап, таңғаларлық тарихи орындары жеткілікті жерлерде демалып, тынығудың бір түрі. Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін көрікті жерлер мейлінше көп. Еліміздегі таңғажайып орындармен танысуға, тамаша адамдармен жолығып, әңгімелесуге, халықтың салт-санасын, дәстүрін танып-білуге, еліміздің көрікті қалалары мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл сайын көбейіп келеді. Елімізге алыс-жақын шетелден туристтер ағылып келетіні секілді, біздің де отандастарымыз демалыстарын судың жағасында, әртүрлі шоу бағдарламалармен өткізуді әдетке айналдырған. Себебі саяхат адамның көкжиегін кеңейтіп қана қоймайды, ой-өрісін, сана-сезімін дамытады.
Сөйлемдерді толықтырыңыз:
Дополните предложения:
- ХVІІІ–ХІХ ғасырларға дейінгі саяхаттар елдердің __________________ зерттеу үшін жасалды.
- Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін __________________
мейлінше көп.
Себебі саяхат – адамның көкжиегін кеңейтіп қана қоймайды, _________________________ дамытады.
Сөйлемдерді аяқтаңыз:
Завершите предложения:
• Саяхат – белгілі бір аймақпен танысу, оны зерттеу немесе демалу сияқты мақсаттармен ________________________ .
• Ал қазіргі таңда саяхат – ауасы таза, табиғаты ғажап, таңғаларлық тарихи орындары жеткілікті жерлерде _________________________ .
• Елімізге алыс-жақын шетелден туристтер ағылып келетіні секілді, біздің де отандастарымыз ___________________________________.
Төмендегі кестеге саяхаттаудың негізгі мақсаттарын жазып шығыңыз
Напишите основные цели путешествия в таблице ниже:
Сөздерді аударыңыз
Переведите слова:
аймақ –
танысу –
зерттеу –
демалу –
табиғат –
халық –
тарих –
шаруашылық –
қазіргі таңда –
таза ауа –
тарихи орындар –
тынығу –
бір түрі –
көрікті жерлер –
таңғажайып орындар –
дәстүр –
ескерткіш –
тілек білдірушілер –
көкжиек –
ой-өріс –
дамыту –
Төменде берілген сөздерді синонимдермен алмастырыңыз
Замените нижеприведенные слова синонимами:
көрікті жерлер –
ғажап табиғат –
демалу –
Тірек сөздерді пайдаланып, берілген суреттерге сәйкес келетін сөздерді жазып шығыңыз.
Напишите слова, соответствующие заданным изображениям, используя ключевые слова.
Экскурсия, саяхаттау, серуендеу, экспедиция
Буду рада вашим предложениям и отзывам, которые можно направить
на электронную почту myrza_ms@mail.ru.