Областная газета «Актюбинский вестник»

Все новости Актобе и Актюбинской области

Казахский язык станет ближе с руководителем учебно-методического отдела областного управления по развитию языков Зульфат КулекеНОВОЙ.

Үлкенге құрмет
Уважение к старшим

Сіз жазғы демалыста қайда бардыңыз?
Куда вы выезжали на отдых этим летом?


Кімге (кому?)
Неге? (чему?)
Қайда? (куда?)


Барыс септік («бару» — «идти»)
Дательно-направительный падеж


Мәтінге ат қойыңыз

Мәтіндегі «Қайда?» сұрағына жауап беретін сөздерді табыңыз
Найдите слова, которые отвечают на вопросы «Где? Куда?»


Сәуле мен Сұлтан автобуста отыр. Келесі аялдамадан автобусқа қолында сөмкесі бар қарт әже кірді. Сәуле орнынан атып тұрып, әжейге орынын берді. Ал Сұлтан терезеден сыртқа қарап, байқамаған болып отыра берді. Әжей түсуге дайындала бастады, қолындағы сөмкесінен алма алып Сәулеге, содан соң Сұлтанға да берді. Автобустан түсіп бара жатып, Сәулеге «Балам, жасың ұзақ болсын! Үлкенді сыйлап орныңды бергеніңе рақмет!» — деді. Сұлтан өзінің әдепсіздік көрсеткеніне өкініп кетті. Қолындағы алманы не жерін, не жемерін білмей келе жатты.
Сәуле оған:
— Алмаңды жесейші, өте тәтті екен, — деп қояды.


Есіңізге
сақтаңыз!

Орыс тіліндегі қозғалыс мәнді «идти, пойти, ехать, ездить» қазақ тілінде бару етістігі арқылы беріледі.


Ойын ойнайық!
Торкөздегі қала аттарын табыңыз
Найдите названия городов


Барыс септіктегі сөздерді табыңыз
Найдите слова в барыс септік

1. Мен базарға барамын.
2. Бұл алмалар тәтті.
3. Олар мектепке кетті.
4. Сәуле жұмыста болды.
5. Жастар саябаққа жиналды.
6. Раушан Маржанға сұрақ қойды.
7. Нұржан сабаққа дайындалып отыр.
8. Мен Көкшетауға телефон соқтым.
9. Томирис, сөйлемдерді дәптерге жаз.
10. Мен кеше ұялы телефон сатып алдым.


Жақшадағы сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз
Ответьте на вопросы, используя слова в скобках

1. Сен журналды қайда қойдың? (үстел) …………………………………………………………………….
2. Сен менің кітабымды қайда салдың? (сөмке) …………………………………………………………………….
3. Суретті қайда ілдіңіз? (қабырға) …………………………………………………………………….
4. Сіз мақаланы кімге бердіңіз? (Рүстем) …………………………………………………………………….
5. Ернұр кімге қарады? (бастық) …………………………………………………………………….


Үлгі бойынша сұхбат құраңыз
Составьте диалоги по образцу

жұмыс, жеті базар, екі, сабақ, үш

Үлгі:
Айша: Сен қайда бара жатырсың?
Әли: Үйге бара жатырмын.
Айша: Қашан ораласың?
Әли: Беске қарай ораламын.
Айша: Сен қайда бара жатырсың?
Әли: …………….. бара жатырмын.
Айша: Қашан ораласың?
Әли: …………….. таман ораламын.
Айша: Сен қайда бара жатырсың?
Әли: …………….. бара жатырмын.
Айша: Қашан ораласың?
Әли: …………….. қарай ораламын.

Колонка "Взгляд"