Замзагүл Еспембетова,
преподаватель Центра обучения языкам управления по развитию языков
Дені саудың — жаны сау
В здоровом теле — здоровый дух
Сөздікпен жұмыс
Дәрумен — витамин
ауру — болезнь
науқас — больной
сауығу — выздоровление
жеке бас тазалығы — гигиена
қысым — давление
жөтел — кашель
шылым шегу — курение
дәрі — лекарство
ем — лечение
бетперде — маска
тұмау — простуда
жедел жәрдем — скорая помощь
шаншу — покалывать
қалтырау — озноб
дене қызуы — температура
емхана — поликлиника
Шартты рай – условное наклонение
Условное наклонение обозначает действие, которое может произойти в будущем.
Образование: глагол + са, — се
Мен айтсам
Сен айтсаң
Сіз айтсаңыз
Ол айтса
Сурет пен сөзді сəйкестендіріңіз.
Соедините слова с рисунком.
Тиісті қосымшаларды қойып, сөйлемді аяқтаңыз.
Закончите предложения, добавив нужные суффиксы к глаголу по образцу.
1. Егер мен сізге жазыл …………………………………………………………….
2. Сіз маған дәрі жаз ………………………………………………………………….
3. Қабылдауға мені тірке ………………………………………………………….
4. Мен басқа емханаға бар …………………………………………………..
а) Мəтінді оқыңыз жəне аударыңыз. Прочитайте и переведите диалог.
ə) Мəтіннің негізінде «Дəрігерде» тақырыбында сұхбат құрап жазыңыз.
Составьте диалог “Дəрігерде” по образцу
— Сəлеметсіз бе, дəрігер!
— Қайырлы күн. Келіңіз. Отырыңыз. Не болды?
— Бір апта болды қатты жөтелемін, əрең демаламын, кейде басым айналады, тамағым да ауырады.
— Дене қызуыңызды өлшейін. Аздап ыстығыңыз бар екен. Сізге дəрі жазып берейін. Күнде таңертең жəне кешке антигрипин, мукалтин ішіңіз. Сізге жиі-жиі су ішу керек, уақытында демалу қажет.
— Жақсы. Рақмет сізге, дəрігер.
— Дене қызуыңыз көтерілсе, қоңырау шалыңыз. Тамағыңыз ауырса, тұзды сумен шайыңыз. Бір аптадан кейін келіңіз. Ем болсын. Сау болыңыз!
— Сау болыңыз!
«Денсаулық» сөзіне кластер құрыңыз.
Составьте кластер по теме «Здоровье».