Анель Онталап,
преподаватель Центра обучения языкам областного управления по развитию языков
УАҚЫТ — ҚҰНДЫ ҚАЗЫНА ВРЕМЯ – ЦЕННОЕ СОКРОВИЩЕ
Сөздікпен — жұмыс
Сағат — Часы
Минут — Минута
Секунд — Секунда
Күн — День
Ай — Месяц
Жыл — Год
Таң — Утро
Түс — Полдень
Кеш — Вечер
Түн — Ночь
Уақыт
10 – он
20 – жиырма
30 – отыз
40 – қырық
50 – елу
60 – алпыс
70 – жетпіс
80 – сексен
90 – тоқсан
100 – жүз
Сағат неше?
Берілген сөздер мен суреттерді сәйкестендіріңіз
Суретпен жұмыс
Төмендегі суреттерге сәйкес келетін уақыт сөздерін жазыңыз.
Уақытпен байланысты мақал-мәтелдер
1. Уақыт – алтыннан да қымбат.
2. Уақыт күтпейді.
3. Ерте тұрғанның ырысы артық.
4. Уақыт – емші.
Сұрақтарға жауап беріңіз
Үлгі:
— Кино сағат нешеде басталады?
— Кино сағат жеті жарымда басталады.
1. Кино сағат нешеде басталады? 7.30
2. Пойыз сағат нешеде келеді? 2.00
3. Сабақ нешеде басталады? 8.30
4. Автобус сағат нешеде жүреді? 4.00
5. Концерт сағат нешеде аяқталады? 21.00
6. Ол сағат нешеде келеді? 19.00
7. Біз үйден сағат нешеде шығамыз? 16.00
8. Мультфильм сағат нешеде басталды? 18.30
9. Жаңалықтар сағат нешеде аяқталады? 19.30
10. Батырхан сабақтан нешеде келеді? 13.30
Енді тапсырма сұрақтарына сағат сөзін қоспай жауап беріңіз.
Үлгі:
— Кино сағат нешеде басталады?
— Кино жеті жарымда басталады.
Диалогтарды жаттап алыңдар
Диалог 1.
— Айтып жіберіңізші, сағат неше болды?
— Сағат үш.
— Рақмет.
— Оқасы жоқ.
Сағат төрт (бес,алты)
Диалог 2.
– Кешіріңіз, сағат неше болды?
— Сағат төрт жарым.
— Рақмет.
— Оқасы жоқ.
Сағат бір жарым (екі жарым, жеті жарым)