Областная газета «Актюбинский вестник»

Все новости Актобе и Актюбинской области

Тіл әлемі

Жанар УМАРОВА,
руководитель учебно-методического отдела управления по развитию языков

Менің отбасым
Моя семья


Жаңа сөздер. Новые слова

Отбасы – семья
Балалар — дети
Ата – дедушка
Ұл — сын
Әже – бабушка
Қыз – дочь
Әке – папа
Аға – брат
Ана – мама
Әпке — сестра
Іні – младший брат
Қарындас – младшая сестренка (по отношению к брату)
Сіңлі – младшая сестренка


Берілген туыстық атауларды үш топқа бөліп жазыңыз:

1) ер адамдар;
2) әйел адамдар;
3) ортақ.

Аға, әке, ана, әже, ата, жеңге,
әпке, нағашы,
жезде, ұл, қыз, келін, күйеубала, іні, сіңлі, апа,
немере, қарындас.


Өз отбасыңыз туралы әңгімелеңіз.

1) Сіздің отбасыңызда неше адам бар?
2) Олардың есімдері кім?
3) Отбасы мүшелеріңіз қайда жұмыс істейді?
4) Сіздің неше әпке, неше ағаңыз бар?
5) Сіздің ініңіз немесе сіңлі/қарындасыңыз бар ма?
6) Сіздің отбасыңыз қандай?


Бос орынды тиісті туыстық атаулармен толықтырыңыз.

1. Анамның анасы – менің әжем.
2. Әкемнің әкесі – менің ______________________ .
3. Әпкемнің күйеуі – менің _____________________ .
4. Ағамның әйелі – менің ______________________ .
5. Анамның ағасы – менің ______________________ .
6. Анамның күйеуі – менің _____________________ .
7. Әкемнің әйелі – менің ________________________ .


Дұрыс жауапты сәйкестендіріңіз.

— Кәмшаттың ата-анасы бар ма?
— … … … …
— Аға-әпкелері ше?
— … … … …
— Ол тұрмысқа шыққан ба?
— … … … …
— Жасы нешеде?
— … … … …
— Ол жұмыс істей ме әлде оқи ма?
— … … … …

Иә, 1 жыл бұрын тұрмысқа шықты.

Жасы жиырма төртте.

Иә, ата-анасы бар.

Қазір Ақтөбеде жұмыс істейді.

Ағасы, 2 әпкесі бар.


Тест жұмысы
1. «Семья» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.
А. отағасы
Ә. көрші
Б. ағайын
В. отбасы
2. «Атаның баласының баласы» қалай аталады?
А. ұрпақ
Ә. бала
Б. немере
В. ұл
3. «Родственник» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.
А. туыс
Ә. аға, әпке
Б. іні, сіңлі
В. көрші
4. Отбасы мүшелері атауы жазылған қатарды белгілеңіз.
А. ата, әйнек, алма
Ә. дүкенші, сатушы, саудагер
Б. ата-ана, қарындас, іні
В. әке, маман, қызметкер
5. Отбасының иесі кім?
А. ата
Ә. отағасы
Б. ата-ана
В. құда


 

Сөйлем құраңыз.

1. Ажар/менің/ана ________________________________________________________________________________
2. әже/Ұлпан/менің ______________________________________________________________________________
3. Қайырбек/оның/ата ____________________________________________________________________________
4. Әсел/қарындас/менің __________________________________________________________________________
5. Әсел/ат/оның __________________________________________________________________________________
6. Асхат/менің/ат _________________________________________________________________________________
7. сіңлі/оның/Динара _____________________________________________________________________________
8. Қайрат/іні/оның _______________________________________________________________________________
9. Асан/ұл/менің _________________________________________________________________________________
10. Жанар/әпке/оның ____________________________________________________________________________

Колонка "Взгляд"