Областная газета «Актюбинский вестник»

Все новости Актобе и Актюбинской области

Малика МЫРЗА,
ведущая рубрики «Тіл әлемі»

Көкөністер мен жемістер
Овощи и фрукты

Бүгінгі тақырып көкөністер мен жемістер, олардың түрлері және адам ағзасына пайдасы туралы болмақ.
Сегодняшняя тема – об овощах и фруктах, их видах и пользе для организма человека.


Мәтінді оқып шығып, оған тақырып қойыңыз. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Прочитайте текст и поставьте заголовок. Выполните задания, данные ниже.

Біздің өмірімізді көкөніс немесе жемістерсіз елестету қиын. Көкөністердің біздің ағзамызға тигізетін пайдасы орасан зор, себебі олар – дәрумендер көзі. Адам ағзасы дәрумендерді табиғи көздерден тамаша сіңіреді, нутрициолог мамандардың айтуынша адамның күнделікті рационындағы көкөністердің жеткілікті мөлшері біздің күнделікті суға деген қажеттілігімізді толықтай жаба алады екен. Адам денсаулығы үшін

С дәрумені аса маңызды, ол сәбізде, қырыққабатта және барлық түсті болгар бұрышында көп мөлшерде болады. Сондай-ақ түсті қырыққабат пен бұршақ дақылдарының құрамында В9 дәрумені (фолат) көп мөлшерде болатыны анықталған. Жалпы алғанда кең таралған көкөністер ретінде танитын картоп пен пиязда – С, В, Р дәрумендері болса, қызылша мен қызанақтың бойында да дәл осы дәрмумендер жинақталған және қан көбейту қасиетіне ие.

Дұрыс тамақтанудың маңызды элементтерінің бірі – жемістер. Жемістер қант пен зиянды тәттілерді алмастыратын қасиетке ие. Жемістерге тәтті дәм беретін фруктозадан басқа олардың құрамында асқазан-ішек жолдарының жұмысына жақсы әсер ететін талшықтар бар. Мамандардың айтуынша кейбір жемістер жақсы көңіл-күйді сақтауға және олардың құрамындағы арнайы заттардың әсерінен депрессиялық жағдайдан шығуды жеңілдетуге көмектеседі екен. Жалпы алғанда біз жеміс деп танитын қарбыз бен қауын – бүйректерге тастың жиналуынан қорғап, өт жолдарын тазартуға икемді болса, жүзім – жүрек, өкпе, бүйрек, бауырдың қалыпты жұмыс жасауы үшін өте қажет екен. Ал шие – ішектердің қалыпты жұмыс жасауына көмектеседі. Алма – жүректің қалыпты жұмыс жасауына көмектессе, алмұрт – шөлді тез басу қасиетіне ие екен.

(Мәтін ғаламтордан алынды)


Төменде берілген себеттерді толтырыңыз.
Заполните корзины, показанные ниже


Филвордты шешіп, жемістер мен көкөністердің атауын табыңыз.
Решите филворд, найдите название фруктов и овощей.



Қарамен белгіленген сөздерді аударыңыз.
Переведите слова, выделенные жирным шрифтом.

Көкөніс –
Дәрумендер көзі –
Адам ағзасы –
Жеткілікті мөлшер –
Суға деген қажеттілік –
Сәбіз –
Қырыққабат –
Болгар бұрышы –
Пияз –
Қызылша –
Қызанақ –
Жемістер –
Қант –
Зиянды тәттілер –
Жақсы көңіл-күй –
Жеңілдетуге көмектеседі –
Қарбыз –
Қауын –
Бүйрекке тас жиналу –
Өт жолын тазарту –
Жүзім –
Өкпе –
Бауыр –
Қалыпты жұмыс жасау –
Шие –
Ішек –
Қалыпты жұмыс жасау –
Алма –
Алмұрт –
Шөлді тез басады –


Берілген суреттерге мұқият қарап, артық затты табыңыз.
Внимательно посмотрите на изображения и найдите лишний предмет.


Буду рада вашим предложениям и отзывам, которые можно направить на электронную почту myrza_ms@mail.ru.

Колонка "Взгляд"