Областная газета «Актюбинский вестник»

Все новости Актобе и Актюбинской области

Тіл әлемі

Малика МЫРЗА, ведущая рубрики «Тіл әлемі»


Біз бүгін танысатын тақырып – үй жануарлары туралы болмақ. Мұндағы ақпаратты жақсы қабылдау үшін берілген тапсырмаларды мұқият оқып, орындау сұралады.

Тема, с которой мы будем знакомиться сегодня, — домашние животные. Предлагаем внимательно прочитать и выполнить поставленные задачи, чтобы лучше усвоить информацию.


Үй жануарлары
Домашние животные

Үй жануарларының адам өмірінде маңызы зор. Халқымыз  ежелден-ақ  мал   шаруашылығымен   айналысқан. Ғасырлар   бойы   қалыптасқан   бай  тәжірибиесі бойынша оларды қолға үйретіп, малдың өрісін, тіршілік  ету  сырын, жай-күйін, қадір-қасиетін әбден зерттеп білген. Себебі үй жануарларының еті мен сүті – ас, жүні мен терісі – киім, әрі көлік. Мал   өсіруге  аса  қолайлы  Қазақстан   жерін   жан-жануарларсыз  елестету  мүмкін емес. Бұл  біздің  еліміз үшін  бұдан  былай  да  аса  маңызды  шаруашылық болып  қала бермек.

Үйде ұстайтын, қолға үйретілген жануарларды басқаша «төрт түлік» деп те атайды. Оларға түйе, жылқы, сиыр және қой жатады.

Түйенің   жүні  мен  терісі – киім, сүті – сусын, еті – ас. Әсіресе, түйе  көш  көлігі  ретінде   бағалы. Ол – сиырдай   емес, сирақты  мал. Қыста   суыққа, жазда  ыстыққа  төзімді. Түйе  алпыс  күн  аштыққа, отыз  күн  шөлге шыдайды.

Төрт түлік малдың ішінде қасиетті, құрметті саналатын жануар – жылқы малы. Жылқы – мінсең  көлік, жесең ет. Тіпті қазіргі өмірімізді қазы-қарта, жал-жаясыз елестету мүмкін емес. Сондай-ақ төрт түліктің ішіндегі ең таза мал да осы – жылқы. Оның тазалығы соншалық – суды да кешіп барып, таза  жерден  ішеді. Ол өте сезімтал мал. Қолға тез үйренеді. Бір ғажабы жылқыда өт болмайды. Төрт  түліктің  ішінде  жылқыны өсіру  жеңіл. Жылқы-жеті қазынаның бірі. Ол сезімтал, талғампаз жануар.

Сиыр малы – момақан, көп күтімді талап ететін малдың бірі. Халқымыз үшін  көбінесе тамаққа  жараған. Ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік – сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайлананып отырған. Үй иелерінің асыраушысы ретінде қадірлі мал болған.

Қой – төрт түлік малдың ішіндегі халқымыздың ең сүйіктісі. Өзі  майда, өсімтал, момақан, тез  ет алып, қонақ кәдеге  жарап  отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын халқымыз ерекше қастерлеген.

Сонымен қатар бұл жануарлардың қатарында ешкі малы да бар. Ол – өсімтал  малдың  бірі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүтті түрін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайтын болған.


Ребустарды шешіңіз.
Решите ребусы.


Қарамен белгіленген сөздерді аударыңыз және есіңізге сақтап алыңыз.
Переведите слова, выделенные жирным шрифтом, и запомните их.

Үй жануарлары –
Мал шаруашылығы –
Ас –
Киім –
Көлік –
Төрт түлік –
Түйе –
Жылқы –
Сиыр –
Қой –
Көш көлігі –
Төзімді –
Аштық –
Шөл –
Қасиетті –
Құрметті –
Су кешу –
Таза жер –
Сезімтал –
Талғампаз –
Момақан –
Күтімді талап ету –
Ет –
Сүт –
Айран –
Қаймақ –
Май –
Құрт –
Ірімшік –
Береке –
Сүйікті –
Майда –
Өсімтал –
Қонақ кәде –
Қастерлеу –
Ешкі –
Жеңіл –
Сіңімді –
Құнарлы –
Ана сүті –
Асырау –


Жұмбақтарды шешіңіз.
Отгадайте загадки.

Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.

Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.

Сақалы бар,
Санасы жоқ.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.

Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ
Мінсең – қанат
Сүті – дәрі,
Еті – тамақ.


Суретте көрсетілген үй жануарының атауын төлінің атауымен бірге есіңізге сақтап алыңыз.
Запомните названия домашних животных и их детенышей, показанных на картинках.

Қой – қозы


Жылқы – құлын


Түйе – бота


Сиыр – бұзау


Ешкі – лақ


Буду рада вашим предложениям и отзывам, которые можно направить на электронную почту: myrza_ms@mail.ru.

Колонка "Взгляд"