Областная газета «Актюбинский вестник»

Все новости Актобе и Актюбинской области

Тіл әлемі

Малика МЫРЗА,
ведущая рубрики «Тіл әлемі»


Бос уақыт, әуестену
Досуг, увлечение

Біз бүгін «Бос уақыт, әуестену» тақырыбымен танысатын боламыз. Күнделікті өмірде әдеттегі іс-қимылдан бөлек, бос уақытымызды арнайтын ісіміз де болыпжатады. Оны «хобби» деп те атап жатады. Осы бойынша толығырақ білейік.
Сегодня мы познакомимся с темой «Досуг, увлечение». Помимо привычной деятельности в повседневной жизни, мы можем посвятить свободное время чему-то полезному. Его также называют хобби. Давайте узнаем побольше об этом.

Мәтінді оқып шығып, аударыңыз. Жаңа сөздерді есіңізге сақтаңыз.
Прочитайте и переведите текст. Запомните новые слова.

Хобби

Хобби дегеніміз – әрбір адамның өзі ұнатып жасайтын әрі қолынан келетін сүйікті ісі. Біреулер сурет салғанды, біреулер ән айтқанды, ал енді біреулер коллекция жинағанды ұнатады. Жер бетінде қанша адам болса, барлығының да бос уақытында айналысатын, өмірлік мәні бар сүйікті ісі болады. Қазақ қаламгерлерінің көпшілігінің өз сүйікті істері болған.
Мәселен, балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевтың хоббиі – сөзжұмбақ және сканворд құрау және шешу, әлем халықтарының мақал-мәтелдерін жинау және оларды қазақ тіліне аудару; жауынгер-жазушы Әзілхан Нұршайықовтың хоббиі – cурет, жақсы кітаптар жинау; Қадыр Мырза Әлінің хоббиі – кітап, қалам жинау болса, жазушы-аудармашы Герольд Бельгер шахмат ойнауды жақсы көрген, классик жазушы Ғабит Мүсірепов сан алуан таяқ жинаған.
Сол секілді өнер адамдарының да хоббилері сан алуан, бірі құс өсірумен айналысса, екіншілері аңшылықпен, үшіншілері жылқы ұстаумен, төртіншілері қолөнер кәсібімен, гүл өсірумен т.б. істермен айналысқанды ұнатады.


Сөздік:
Әрбір адам – каждый человек
Сүйікті ісі – любимое дело
Сурет салу – рисовать
Ән айту – петь
Коллекция жинау – собирать коллекцию
Бос уақыт – свободное время
Айналысу – заниматься
Өмірлік мәні бар – имеет жизненную ценность
Қаламгер – писатель
Балалар ақыны – детский поэт
Сөзжұмбақ – кроссворд
Әлем халқы – население мира
Мақал-мәтел жинау – сбор пословиц
Қазақ тіліне аудару – перевести на казахский язык
Жауынгер-жазушы – воин-писатель
Жақсы кітаптар жинау – собирать хорошие книги
Таяқ жинау – собирать деревянные палочки
Құс өсіру – птицеводство
Аңшылық – охота
Қолөнер – ремесло, рукоделие


Сурет пен хобби атауын сәйкестендіріңіз.
Сопоставьте изображение и название хобби.

бәліш
дайындау

спортпен
айналысу

домбыра үйірмесіне
қатысу


Сөзжұмбақ шешіңіз
1) Аптаның алтыншы күні қалай аталады?
2) Әкенің әкесі бізге кім болады?
3) Ғ. Мүсіреповтің хоббиі сан алуан ……… жинау болған.
4) «Письмо» сөзінің қазақша аудармасы қандай?
5) Ешкінің төлі қалай аталады?
6) «Груша» жемісінің қазақша аудармасы қандай?

Сөзжұмбақтың негізгі жауабы ретінде – «Саяхат» сөзі шығу керек.
Саяхатта – бос уақытты тиімді өткізудің бір түрі. Төмендегі сұрақтарға ауызша жауап беріп көріңіз.
• Сіз жиі саяхаттайсыз ба?
• Ақтөбе облысында саяхат құратын қандай жерлерді білесіз?
Жауаптарыңызды myrza_ms@mail.ru поштасына жіберуіңізге болады.


Берілген қатардағы артық суреттің қасына • белгісін қой.
Поставьте отметку • рядом с лишним изображением в данном ряду.


Буду рада вашим предложениям и отзывам, которые можно направить на электронную почту myrza_ms@mail.ru.

Колонка "Взгляд"