Областная газета «Актюбинский вестник»

Все новости Актобе и Актюбинской области

Тіл әлемі

Сегодня мы с вами разберем темы «Дни недели», «Времена года», а также «Погода».

Малика МЫРЗА, ведущая рубрика «Тіл әлемі»

Апта күндері

Бүгін — дүйсенбі, аптаның бірінші күні. Демалыс күндерінен кейін бұл күні балалар балабақшаға, оқушылар мектепке, ересек адамдар жұмысқа барады. Дүйсенбі – алдағы аптаға жоспар құрылып, өткен аптаның есебін шығаратын жұмыс күні. Дүйсенбіден кейінгі екінші күн «сейсенбі» деп аталса, аптаның үшінші күні «сәрсенбі» деп аталады. Одан кейін «бейсенбі» және «жұма» күндері келеді. Ал демалыс күндері «сенбі» және «жексенбі» деп аталады. Сенбі және жексенбі – балалардың асыға күтетін демалыс күндері. Одан кейін қайта айналып дүйсенбі күні келеді. Солай тіршілік жалғаса береді.



Сөздік/Словарь:
Апта – неделя
Дүйсенбі – понедельник
Сейсенбі – вторник
Сәрсенбі – среда
Бейсенбі – четверг
Жұма – пятница
Сенбі – суббота
Жексенбі – воскресенье
Балабақша – детский сад
Мектеп – школа
Жұмыс – работа
Жоспар – план
Демалыс күні – выходной день


Жыл мезгілі

Бір жылда төрт мезгіл бар. Ал әр мезгілде үш ай бар. Жыл мезгілдерін көктем, жаз, күз және қыс деп бөлу оның мезгілдік өзгерістерінің заңдылықтарына сәйкес келеді. Бірақ табиғаттың жергілікті жер жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Жылдың басы қаңтар айынан басталады. Қыс мезгілі салқындығымен, қардың басымдығымен ерекшеленеді. Бұл уақытта өзен-көлдердің бетін мұз басады. Көктем — табиғаттың жаңарып түлейтін кезеңі. Көктемде күн жылынады, жер көгереді, гүлдер гүлдейді. Күн күркіреп, жаңбыр жауады. Жаз мезгілінде күн өте ыстық болады. Жемістер мен көкөністер пісе бастайды. Жаздан соң күз келеді. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Аспан бұлттанып, жиі жаңбыр жауады. Күн салқындайды. Жылдың төрт мезгілі осылай бірінен соң бірі ауысып келеді.


Сөздік/Словарь:
Мезгіл – сезон
Көктем – весна
Жаз – лето
Күз – осень
Қыс – зима
Табиғат – природа
Ерекшелік – особенность
Қар – снег
Өзен – река
Көл – озеро
Мұз – лед
Күн күркіреу – гром
Жаңбыр – дождь
Жемістер – фрукты
Көкөністер – овощи
Піседі – созревает
Жапырақ – лист
Сарғаю – желтеть
Бұлт – облако
Жиі – часто


Ауа райы болжамы

(үлгі үшін алынған)

Қазақстанның батыс аймағында, күндіз күн ала бұлтты болады, түнде жаңбыр жауады. Шығыста күндіз жаңбыр жауып, түнде ұйтқып жел соғады, боран болуы ықтимал. Еліміздің солтүстік аймағында да күндіз жаңбыр жауып, арты қарға айналады. Орталық Қазақстанда күндіз күн ала бұлтты, түнде өткінші жаңбыр жауады, көктайғақ қатері бар. Оңтүстікте күндіз күн ашық болады, бірақ түнде жел соғып, дауыл тұруы ықтимал.

Сөздік/Словарь:
Күндіз – днем
Түнде – ночью
Ала бұлтты – облачно
Жел – ветер
Боран – буран, метель
Ықтимал – вероятно
Өткінші жаңбыр –
кратковременный дождь
Көктайғақ – гололед
Қатер – угроза
Дауыл – буря, шторм

Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан

Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр

Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз

Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша


Танысқан материалдарды келесі тапсырмаларды орындау арқылы бекітейік.
Давайте закрепим ознакомленные материалы, выполняя следующие задания.

1. Апта күндерін ретімен жазып шығыңыз (Напишите дни недели по порядку)

Д……………і, С……………і, С……………і, Б……………і, Ж……………а, С……………і, Ж……………і.


2. Берілген сөйлемдерге мағынасы қарама-қарсы сөйлемді тауып, сәйкестендіріңіз
(Найдите и сопоставьте предложение, значение которого противоположно заданным предложениям)

1. Қыста күн аяз болады.                                     1. Жазда күн ыстық болады.
2. Қыста күн қысқарады.                                     2. Көктемде күн жылынады.
3. Күзде күн салқындайды.                                3. Көктемде құстар оралады.
4. Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді.    4. Жазда күн ұзарады.
5. Жазда +30С болады.                                        5. Қыста мұз қатады.
6. Көктемде мұз ериді.                                         6. Қыста -30С болады.


3. Әр бағанға тиісті сөздерді теріп жазыңыз (Напишите соответствующие слова в каждый столбец)

4. Филворд шешіңіз. Апта күндерін, жыл мезгілдерін, ауа райы құбылыстарының атауын табыңыз (Решите филворд. Найдите названия дней недели, времен года, погодных явлений)

Колонка "Взгляд"