Областная газета «Актюбинский вестник»

Все новости Актобе и Актюбинской области

Құрметті ақтөбеліктер!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!
Бүгін Астанада өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Елтаңба – елдігіміздің айшықты белгісі. Әнұран – азаттығымыздың айбынды үні. Көк Туымыз – Тәуелсіздік тұмары. Төбемізге көтеріп, қадір тұтатын осы үш рәмізді мемлекеттігіміздің мызғымас үштағаны десек, артық болмайды», – деп атап өтті.
Бабаларымыздың бірлік пен татулықты ту еткен жолын жалғастырып, бүгінде Қазақстан тұрақты дамудың даңғыл жолымен алға қадам басып келеді. Осы жолда мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет әр азаматтың елге деген сүйіспеншілігін, туған жер алдындағы жауапкершілігін танытады.
Өскелең ұрпақтың бойына отаншылдық қасиетті сіңіріп, мемлекеттік нышандарымызды қадірлеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Бүгінде Қазақстанның көк Туы әлемнің ең биік мінберлерінде желбіреп, Әнұраны асқақ шырқалып келеді. Олимпиада мен әлем чемпионаттарында, ғылым мен білімде, мәдениет пен өнерде, еңбек пен кәсіпте жетістікке жеткен азаматтарымыз ел мерейін үстем етіп жүр.
Олардың қатарында ақтөбелік жерлестеріміз де халықаралық ареналарда жеңіс тұғырынан көрініп, ғылым мен өндірісте, кәсіпкерлік пен қоғамдық қызметте табысқа жетіп, туған өлкеміздің ғана емес, тұтас Қазақстанның абыройын асқақтатуда. Лайым солай болғай!
Көк байрақ астында біріккен халқымыздың ынтымағы нығайып, Қазақстанның жарқын болашағын бірге қалыптастыра берейік. Ел аман, жұрт тыныш болсын!
Мереке құтты болсын!🇰🇿

Колонка "Взгляд"