Областная газета «Актюбинский вестник»

Все новости Актобе и Актюбинской области

⚜️ Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың бүгін өткен жаппай ағаш отырғызу шарасына қатысты жазбасы ⤵️

19 қыркүйек күнтізбеде – Дүниежүзілік тазалық күні. Осы күні әлемнің түкпір-түкпірінде адамдар қоршаған ортаны тазартуға шығады. Ақтөбеліктер де бұл бастамадан шет қалған жоқ.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында қалада да, облыстың барлық ауданында да сенбіліктер өтіп, ағаштар отырғызылды. Мемлекеттік қызметшілер мен еңбек ұжымдарынан бөлек, жастар, еріктілер, белсенділер, өнер адамдары және қарапайым тұрғындар – 12 мыңға жуық адам ортақ іске атсалысты.

Бүгін облыс бойынша әр түрден 7 200 түп ағаш отырғыздық.

Маған әсіресе адамдардың өз еркімен шығып, туған қаласының көркеюіне үлес қосып жүргені қуантады. Өйткені таза қала тек коммуналдық қызметтің жұмысы емес, ол – бәрімізге ортақ жауапкершілік.

Халқымызда «Бір тал кессең, он тал ек» деген жақсы сөз бар. Бүгін осы сөздің мәнін тағы бір мәрте көрсеттік.

Отырғызылған көшеттердің барлығы жергілікті тәлімбақтарда өсірілген. Жабық тамыр жүйесі бар.

Енді осы ағаштарға күтім жасауымыз керек. Бүгін отырғыздық деп, ұмытып кетуге болмайды. Әрбір талдың өсіп, тамыр жаюы – ортақ міндет.

Бүгін уақытын бөліп, сенбілікке шыққан, тал еккен, айналасын тазалаған барша ақтөбелікке рақмет!

Бірге еккен талдарымыз ертең қаламыздың көркіне, балаларымыздың саясына айналсын.

«Таза Қазақстан» – тазалықтан басталып, мәдениетке айналатын үлкен іс. Оны бірге жалғастырайық.

Колонка "Взгляд"