https://www.facebook.com/share/r/1CQL4UhRGJ/?mibextid=wwXIfr
Еске салайық, өңір басшысы бүгін Ақтөбедегі «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алаңында өткен «Берекелі бастау» мәдени көпшілік шарасына қатысты
Ардақты ақтөбеліктер!
Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен 2024 жылдан бастап Наурыз мейрамы жаңаша форматта тойланып келеді. 14 наурыздан 23 наурызға дейінгі әр күннің өз ерекшелігі бар. Бүгін «Наурызнама» онкүндігінің алғашқы күні – Көрісу күні.
Әз-Наурыздың бастауы саналатын бұл күнді, Амал мерекесін өңіріміз ерекше ықыласпен қарсы алды. «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алдындағы алаңда ел-жұртпен жүздесіп, ағайынмен көрісіп, ақжарма тілектер айтып, халқымыздың көне дәстүрін тағы бір мәрте жаңғырттық.
Алаңда өткен «Берекелі бастау» атты мәдени шарада ұлттық салт-дәстүріміз ұлықталып, ақсақалдардың батасымен Тайқазанға от жағылып, Наурыз көже әзірлеу рәсімі көрсетілді. Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай, Тайқазан қала қонақтары мен тұрғындары үшін арнайы интерактивті форматта ұсынылып, оның тарихы мен мән-мағынасы заманауи технологиялар арқылы таныстырылды. Ол күні-түні жанып, қала көркін келтіріп тұрады.
Осындай сәттер халықтың бірлігін бекемдеп, ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңіре түседі.
Баршаңызды Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа амандық, әр отбасыға бақ-береке тілеймін. Ағайын арасы ажырамай, ел ішіндегі ынтымақ пен татулық арта берсін!
Бір жасыңызбен, ағайын!
Көрісу күні құтты болсын!

























