Областная газета «Актюбинский вестник»

Все новости Актобе и Актюбинской области

Тіл әлемі

Зульфат Кулекенова,
руководитель учебно-методического отдела областного управления по развитию языков

Хайуанаттар бағында
В зоопарке


Сын есім – Имя прилагательное

Сын есім – заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, т.б. қасиеттерін білдіретін сөз табы.
Сұрақтары: қандай? қай?
Имя прилагательное – обозначает цвет, качество, вес, размер и другие свойства предмета.
Отвечает на вопросы какой? чей?


Жаңа сөздер

хайуанаттар бағы – зоопарк
аңдар – животные
тор – клетка
маймылдар – обезьяны
жыртқыштар – хищники
піл – слон
қолтырауын – крокодил
керік – жираф
тотықұс – попугай
тасбақа – черепаха


1-тапсырма
Оқыңыз. Қайталаңыз      Прочитайте. Повторите

 


Тотықұс


Тасбақа


Тиін


Кірпі


Керік


Қолтырауын


Піл


Қасқыр


2-тапсырма

Оқыңыз. Толықтырыңыз
Прочитайте. Дополните

Қажетті сөздер: теңге, күшті, барысты, тамақ, керік, ересек.
Клиент: Қайырлы күн, 4 билет беріңізші!
Билет сатушы: Қайырлы күн, төртеуі де ……… пе?
Клиент: Иә, иә….
Билет сатушы: 3200 ………. Карта әлде QR?
Клиент: QR
Билет сатушы: Жақсы. Ережені білесіздер ғой? Хайуанаттарға жақындауға, ………… беруге болмайды!
Клиент: Білеміз.
Билет сатушы: Аа, айтпақшы, бүгін ……….. көре алмай-
сыздар, ауырып қалды.
Клиент: Қаап!
Билет сатушы: Уайымдамаңыз, ……….. жаңалығымыз бар. Бағымыз қолтырауын, …………. сияқты жаңа хайуанаттармен
толықты.
Клиент: Тамаша!


3-тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңіз
Ответьте на вопросы

1. Отбасы демалысқа қайда келді?
2. Хайуанаттар бағына билет қанша тұрады?
3. Бақ қызметшісі қандай жаңалық айтты?
4. Бақта олар нелерді тамашалады?


4-тапсырма

Сәйкестендіріңіз
Сопоставьте

1. Тікенек                                   секіреді
2. Тотықұс                                  кірпі
3. Қорқыныш                             азайды
4. Барыс                                     сөйлейді
5. Тиін                                         қолтырауын
6. Ұзын                                        қонжық
7. Қоңыр                                       керік


5-тапсырма

Сын есімді пайдаланып, жануарларды сипаттаңыз
Опишите животных, используя прилагательные

Үлгі: Піл: үлкен, сұр, сабырлы, ұзын құлақ, жалғыз жүргенді ұнатады.
Түлкі, арыстан, аю, кенгуру, қоян, зебра, жылан.


6-тапсырма

Жұмбақтың жауабын тап
Найди ответ на загадку

1. Далада жүр шапқылап,
Керемет бір саққұлақ. (қоян)
2. Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)
3. Қыс бойы жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (аю)
4. Бұтадан бұтаға секірген
Кішкентай ғана шапшаң аң. (тиін)
5. Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап инесін. (кірпі)


 

Колонка "Взгляд"