Абилтай ОЛЖАС,
преподаватель государственного языка Центра по обучению языкам управления по развитию языков Актюбинской области
Адамның жас ерекшеліктері
Возрастные особенности человека
1-тапсырма
Жұмбақтың жауабын табыңыз.
Найдите ответ на загадку.
Таңертең төрт аяқты,
Күндіз екі аяқты,
Кешке үш аяқты.
Жауабы: (Адамның өмір кезеңдері)
Жаңа сөздер
Новые слова
сәбилік шақ — младенческий возраст
сәби — младенец
мектепке дейінгі шақ — дошкольный возраст
даму — развитие
бастауыш мектеп жасы — младший школьный возраст
оқушы — ученик
жасөспірімдік шақ — подростковый возраст
жасөспірім — подросток
бозбалалық шақ — юношеский возраст
бойжеткен — девушка (достигшая зрелости)
бозбала — юноша
жастық шақ — молодость
ересектік шақ — зрелый возраст
орта жастық шақ — средний возраст
өмірдің бел ортасы — середина жизни
қарттық шақ — пожилой возраст
қария — пожилой человек, старец
өмірлік жол — жизненный путь
2-тапсырма
Сөйлемдегі бос орынға тиісті сөзді қойыңыз.
Вставьте в предложение подходящее слово.
(Сөздер: студент, қария, бүлдіршін, отағасы)
4 жасар __________ балабақшаға барады.
Университетте білім алып жүрген адамды __________ дейміз.
40 жастағы ер адамды __________ деп атауға болады.
Ақ сақалды, көпті көрген адам — __________.
Грамматикалық тақырып. Тәуелдік жалғау.
Грамматика. Притяжательные окончания.
Зат есімнің тәуелдік жалғауы заттың, құбылыстың бірінші, екінші, үшінші жаққа тәуелділігін білдіреді.
Мысалы: менің қаламым, сенің қаламың, сіздің қаламыңыз, оның қаламы.
3-тапсырма
Берілген диалогты рөлге бөліп оқыңыз. Тәуелдік жалғауы бар сөздердің астын сызыңыз.
Прочитайте данный диалог, распределив роли. Подчеркните слова с притяжательными суффиксами.
— Сәлеметсіз бе!
— Сәлем!
— Сізге сұрақ қоюға бола ма?
— Иә, болады.
— Кешіріңіз, сіз неше жастасыз?
— Менің жасым жиырма бесте.
— Қай қалада дүниеге келдіңіз?
— Менің туған қалам — Ақтөбе.
— Сіздің досыңыз бар ма?
— Иә, менің досым бар, есімі — Арман.
— Оның мінезі қандай?
— Ол — қамқор, жауапкершілігі мол және досқа адал жан.
— Жауаптарыңызға рақмет. Күніңіз сәтті өтсін!
— Рақмет. Сау болыңыз!
4-тапсырма
«Аудармашы» ойыны.
Игра «Переводчик».
Моя тетрадь, моя комната, мой друг, моя цель, моя семья, твоя сумка, ваша работа, ваш телефон, твой брат, ваши вещи, его магазин его брат, его письмо, ее красивое платье, его ручка.
Біле жүріңіз.
Знайте.
Қазақ мүшел жасты қалай жіктеген?
• 13 жас – ер жете бастау.
• 25 жас – жігіттік жас.
• 37 жас – ақыл тоқтату.
• 49 жас – орта жас.
• 61 жас – орта жас.
• 73 жас – қарттық.
• 85 жас – кәрілік.
• 97 жас – қалжылау.
• 109 жас – шөпшек сүю.
• 121 жас – немене.
5-тапсырма
Дұрыс па, бұрыс па?
Правильно или неправильно?
Қамқорлық – опека
Кемелдену – созревание
Қария – старец
Өмірлік жол – жизненный рост
Күтім – уход
Даму – расти




























