Областная газета «Актюбинский вестник»

Все новости Актобе и Актюбинской области

⚜️Облыс әкімі Асхат Шахаровтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызға Құрбан айт мейрамы құтты болсын!

Құрбан айт – татулық пен жанашырлықты, бауырмалдық пен қайырымдылықты дәріптейтін, қоғамдағы өзара сыйластық пен сенімді нығайтатын қастерлі күн.

Осындай берекелі мерекеде халқымыз мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет танытып, бірлік пен ынтымақтың қадірін тереңірек сезінеді. Бұл – ұлттың рухани тұтастығын бекемдеп, адамгершілік құндылықтарды ұлықтайтын маңызды кезең.

Бүгінде Ақтөбе өңірі ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан аймақтардың бірі. Өңірдің тұрақты дамуы мен өркендеуі – ең алдымен, тұрғындардың ауызбіршілігі мен жасампаз еңбегінің нәтижесі.

Біз үшін ел тыныштығы мен қоғам тұрақтылығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан татулық пен келісімді сақтау, ортақ мақсат жолында жұдырықтай жұмылу – баршамызға ортақ міндет.

Қасиетті айт мерекесі әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен қуаныш әкелсін!

Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Құрбан айт қабыл болсын!

Колонка "Взгляд"